Бірқатар қазақстандықтар Тоқаевтан орден мен медаль алды
Бұл туралы 25 сәуірде Ақорда хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн:
- ІІ дәрежелі "Достық" орденімен - Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна;
- "Ел бірлігі" орденімен
- "Қазақстан украиндарының радасы" бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич,
- Мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович,
- "Дустлик" Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Дураченко Николай Николаевич,
- Атырау қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Любина Татьяна Нестеровна;
- "Шапағат" медалімен
- Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының күйдірушісі Панасюк Сергей Александрович,
- Ұлытау облысы Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының аккомпаниаторы Побединский Аркадий Николаевич,
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімше командирі Пономаренко Кирилл Алексеевич,
- Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-эксперттік тобының төрағасы Краснобаева Нелли Леонидовна,
- Қарағанды облысындағы "Ассамблея жастары" өкілдігінің төрағасы Урмашов Александр Николаевич,
- Жетісу облысы "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Усанова Руфина Касымовна.