Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Алматы қаласының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Алматы халқының бірқатар өкілдерін марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 11:30 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы қаласының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

  1. «Парасат» орденімен «Қазақстанның қала құрылысшылары одағы» ҚБ президенті Любовь Владимировна Нысанбаева;

  2. «Құрмет» орденімен «Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК дәрігері Роза Айтжанқызы Дүйсенбаева;

  3. «Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қайрат Бекәлиханұлы Нұржаубаев;

  4. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіріс басшысы Садыкжан Абдулович Мусаров;

  5. «Шапағат» медалімен «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ магистранты Әділхан Темірханұлы Төлепберген марапатталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: