Жамбыл облысында аяз бен желдің салдарынан 20-дан астам теміржол рейсінде іркіліс болды

Жамбыл облысы, ауа райы, жел, қар, пойыз, темір жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 09:17 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында кеше түнде күн райына байланысты енгізілген төтенше жағдай пойыздар қозғалысына да әсер етпей қоймады. Қатты жел мен аяз салдарынан өңірде 20-дан астам пойыз тұрып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысындағы теміржол рельстерін қалың қар басып қалғандықтан, пойыздар жүре алмай тұр. Өтпежолдарды тазалауға екі мыңнан астам жұмысшы шыққаны мәлім болды.

Өңірде күн райына байланысты 20-дан астам пойыз темір жолдың ашылуын күтіп тұр.

Осы жылдың 15 желтоқсанында жүретін пойыздардың жүру кестесі өзгертілді: №51/52 Алматы 2 – Орал және №41/42 Алматы 2 – Атырау маршруттары бойынша. №41/42 Алматы 2 – Атырау және кері бағытта Тальго пойызына билет сатып алған жолаушылар № 511/512 Алматы 2 – Атырау бағытындағы стандартты пойызбен, ал № 51/52 Алматы 2 – Орал және кері бағытта Тальго пойызына билет сатып алған жолаушылар № 509/510 Алматы 2 – Орал пойызымен аттанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: