Қазақстандықтардың жартысынан азы өмірінің сапасына қанағаттанады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық статистика бюросы наурызда жүргізген "Халықтың өмір сүру сапасы" сауалнамасының нәтижесін жариялады. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің жартысынан азы өмірінің сапасына қанағаттанатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, респонденттердің 41,8%-ы ғана өміріне қанағаттанатынын айтқан. Сонымен қатар ауыл тұрғындары арасында барлығына қанағаттанатындар көбірек болды (46,5%, қала тұрғындарының арасында 39,6%). Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда өз өміріне қанағаттанады (39,5%-ға қарсы 45,4%).

2022 жылы статистика мамандары жүргізген осыған ұқсас сауалнамамен салыстырғанда қазақстандықтар өз өмірін сәл жақсырақ бағалай бастады – қанағаттану деңгейі небәрі 0,5% өсті.

Зерттеуге қатысушылардың 47,6%-ы денсаулығына қанағаттанған (49,3%-ы жартылай қанағаттанған). Ал жедел жәрдем қызметінің сапасына респонденттердің 56,1%-ы қанағаттанады. Бұл ретте респонденттердің үштен екісі қаржылай жағдайын қанағаттанарлықсыз деп атады (тек 34%-ы ғана қанағаттанған).

Қазақстандықтардың басым бөлігі (72,2%) әл-ауқат деңгейін орташа деп бағалады. Тек 1%-ы ғана табысын жоғары, ал 0,3%-ы төмен деп есептейді. Көбіне қаржылай жағдайға қанағаттанбау себебі айқын: жалақы мен зейнетақының төмендігі.

"Еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу жағдайына байланысты 94,4% адам жалақының төмендігін басты себеп ретінде көрсетсе, жұмыссыздар үшін ақы төленетін жұмыстың жоқтығы (78,5%) басты себеп", - делінген мәліметте.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды