"Вагнер" жалдамалы әскери жасағы Ұлыбританияда террористік ұйым деп танылды

Сурет: ТАСС
"Вагнер" жалдамалы әскери жасағының қатарындағылар британ билігі тарапынан жауапқа тартылмақ. Ұлыбритания бұл топты террористік ұйым деп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Ұлыбританияда тыйым салынған ұйымдардың тізіміне енгізілді. Бұл тізімде өзге 78 пиғылы алабөтен ұйымдар бар, деп хабарлады Ұлыбритания ІІМ.


"Бұл бұйрық бірден күшіне енеді. "Вагнер тобына" жататындар немесе оны белсенді қолдаушылар бұдан былай Ұлыбританияда 14 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады", делінген министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко "Вагнер" тобының жасағы елден кетпейтінін және Белоруссияда "өмір сүріп, жұмыс істей беретінін" айтқан болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды