Грета Тунбергке Лондондағы наразылық шарасында қамауға алынғаннан кейін айып тағылды

Сурет: wikimedia
Швед белсендісі Грета Тунберг Лондондағы конференцияда жиырмадан астам наразылық білдірушілермен бірге қамауға алынғаннан кейін оған "қоғамдық тәртіпті бұзды" деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Грета Тунбергке "қоғамдық тәртіп туралы заң талаптарын орындамады" деген айып тағылды. Белсенді қыз бен басқа да наразы топ наразылық акциясы кезінде жолдан кетуді сұраған полиция қызметкерлерінің талабын орындаудан бас тартты, деп жазды UPI.

Полиция барлығы 29 адамды қамауға алды. Лондонның орталығындағы InterContinental Lane-де Energy Intelligence форумында өткен шеруге қатысты 26 адамға айып тағылды.

Тунберг акцияға Just Stop Oil экологиялық тобының құрамында қатысты. Топтың құрылтайшылары Индиго Рамбелоу мен Роджер Халлам 18 қазанда қамауға алынды.

Грета Тунберг "бізде бүлік шығарудан басқа амал жоқ", өйткені "біздің әлемді жалған идеялар жеп жатыр" деді.
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды