Израиль ХАМАС-тың үш командирі өлтірілгенін мәлімдеді

Сурет: pixabay
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторын бақылауға алған ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды үш мүшесін жойғанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News арнасының мәліметінше, 24 қазан күні таңертең Израиль армиясы Газа секторында әуе шабуылдары жүргізіліп, ХАМАС содырларының бірнеше жетекшісі қаза тапқанын хабарлады. Израиль армиясы толық ауқымды құрлық операциясы алдында Газаны атқылауды күшейтті.
"Түнде Израиль армиясының ұшағы ХАМАС террористік ұйымының мүшелері пайдаланатын штаб-пәтерге және мешіттердегі лаңкестер жиналған пункттерге шабуыл жасады", – делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.
Израиль әскерилерінің мәліметінше, олар бір түнде ХАМАС-тың үш командирін өлтірген. ЦАХАЛ мәліметінше, палестиналық "Нусират", "Шати" және "Альфуркан" батальондары командирлерінің орынбасарлары жойылды.

23 қазанда Израиль армиясы Газа секторының солтүстігінде бірнеше шектеулі рейдтер жүргізіп, жерүсті әскери қимылдарын бастады. Бұл операцияға жаяу әскерлер мен танктер қатысты.
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз