Израиль Газа секторында жерүсті әскери қимылдарын бастады
The Guardian басылымының жазуынша, ЦАХАЛ-дың ресми өкілі Даниэль Хагари Газа секторында "шектеулі рейдтер" жүргізілетінін хабарлады. Оның айтуынша, Израильдің құрлықтағы күштері палестиналық содырлармен бірнеше қақтығысқа қатысқан, ал әуе шабуылдары ХАМАС күштерінің көп шоғырланған бөлігін нысанаға алған.
"Түнде танктер мен жаяу әскерді қолданып рейдтер болды. Бұл рейдтер біздің соғыстағы әрекеттеріміздің келесі кезеңіне қарсы тұруға дайындалып жатқан лаңкестер тобын жоюға арналған. Бұл рейдтер аумақтың ішіне қарай жасалды". Даниэль Хагари
Израиль армиясының өкілі бұдан бөлек жерүсті рейдтері ХАМАС кепілге алынған адамдардың қайда екені жөнінде ақпарат жинауға бағытталғанын айтты. Қазіргі уақытта палестиналық содырлар 222 адамды ұстап отыр, оның арасында израильдіктер де, басқа мемлекеттердің азаматтары да бар.
Хагари сондай-ақ 7 қазанда палестиналық ХАМАС содырлары мен Израиль арасындағы соғыс қимылдары басталғаннан бері Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболла" ұйымының 20 ұяшығына соққы бергенін айтты.