24 тамызда Газа секторында 71 адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Газа секторына сенбі күні Израиль әскерилері шабуыл жасап, салдарынан 71 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл деректерді Al Jazeera телеарнасы келтіреді.
"Израиль күштері 24 тамызда Газа секторында 71 палестиналықтың көзін жойып, танктер мен бульдозерлер орталық бөліктегі (анклавтың) Дейр-Эль-Балах қаласына қарай жылжыды", делінген телеарна ақпаратында.
Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі 24 тамызда анклавқа жасалған Израиль әскері шабуылынан құрбан болғандар саны 40 334-ке дейін артқанын, тағы 93 356 адам зардап шеккенін хабарлады.
Бұған дейін Израиль мен Палестина ХАМАС қозғалысының Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынған адамдарды босату туралы келіссөздерінің жаңа кезеңі 25 тамызда өтуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript