Газа секторында опат болған палестиналықтардың саны 2 мыңнан асты
Ведомствоның мәліметінше, 8 714 азамат жараланған. Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, Иордан өзенінің батыс жағалауында 54 палестиналық опат болып, 1100-ден астамы зардап шекті.
Израиль тарапында, соңғы мәліметтер бойынша, қақтығыс кезінде 1,3 мың адам қаза тапты, 3,5 мың адам зардап шекті. ХАМАС шабуылы кезінде қаза тапқандардың мүрдесін тану-анықтау жұмыстары әлі жалғасуда.
Газа секторының ІІМ хабарлағандай, палестиналық босқындар колоннасына Израильдің әуеден жасаған соққысы салдарынан 70 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланды. Газа тұрғындары ауыз су тапшылығына байланысты ауылшаруашылық мақсатына арналған құдықтағы тұзды су ішуге мәжбүр, - деді БҰҰ. Адамдардың таза ауыз суға қол жеткізе алмауына құбыр желісіне судың берілуінің тоқтатылуы себеп.
Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы (IDF) Газа секторының бейбіт тұрғындарының оңтүстік аймақтарға қауіпсіз қозғалуына тағы алты сағат беретіндерін жариялаған.
Ответственность за переговоры об освобождении иностранных заложников и пленных с двойным гражданством планировали взять на себя власти Египта. При этом информации о том, начались ли переговоры между сторонами, по-прежнему не было.
АҚШ "Иранды тежеп ұстау" және аймақтық топтардың палестина-израиль қақтығысына араласуын болдырмас үшін Таяу Шығысқа әскери ұшақтарды жіберді, деп жазады Air Force Тimes Пентагондағы дереккөзге сілтеме жасап.
Мысыр Газа секторымен жалғастыратын жалғыз шекара қақпасы - Рафах өткізу бекетін бетонмен жауып, бекітті.
Сурет: Twitter
Араб-израиль қақтығысының шиеленісуі 7 қазанда болды. Кейінірек ХАМАС содырларының Израильге шабуыл жасауға 2022 жылдан бастап дайындалғаны белгілі болды. Террористік қызметті жүзеге асыруға дайындық барысында олар өзіне 4,5 мың адамды тартқан.
Шетелдік кепілге алынғандар мен қос азаматтығы бар тұтқындарды босату туралы келіссөздерді жүргізу жауапкершілігін Мысыр билігін өз мойнына алуды жоспарлаған болатын. Тараптар арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпарат әлі де пайда болмады.