Израильде қаза тапқандар саны 1300-ге жетті

Израильде қаза тапқандар саны 1300-ге жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 14:27 Сурет: unsplash
Израиль-Палестина қақтығысының шиеленісуі кезінде қаза тапқан израильдік тұрғындардың саны 1,3 мың адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

3,3 мыңға жуық Израиль тұрғыны зардап шекті. Олардың 28-інің жағдайы орташа ауыр, 350-інің жағдайы ауыр. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Бұған дейін Израиль тарапындағы қақтығыс құрбандарының саны 1,2 мың адам екені хабарланған еді.

7 қазан күні таңертең Газа секторы Израильге бұрын-соңды болмаған зымыран шабуылын жасады. Сонымен қатар ХАМАС жауынгерлері жаппай зымыран шабуылдарынан кейін Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға енді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: