Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 77-ге жетті
Сурет: freepik
Үндістанның солтүстік-шығысындағы Сикким штатында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 77 адамға жетті, 100 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көршілес Батыс Бенгалия штатында орналасқан Джалпайгури ауданындағы полиция жексенбіде 48 мәйіт, оның ішінде үнді армиясының сегіз қызметкері табылғанын айтты, деп жазды Al-Jazeera.
Мыңдаған адам көмек әлі де лагерьлерінде, күн райының қолайсыздығы әуеде құтқару жұмыстарын кешіктіріп жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, негізгі инфрақұрылыммен қоса, су тасқыны 1200-ден астам үйді де зақымдады.
5 қазанда Лхонак көлі мен Тисто өзені арнасынан асып, су қалыпты деңгейден алты метрге көтерілді. Табиғи апат күтпеген жерден болды, төтенше жағдайлар қызметі оған дайындалып үлгермеген.
Синоптиктердің айтуынша, су тасқынына тропикалық дауыл себеп болған, соның салдарынан Лхонак тау көлі арнасынан асып, таудан келген су мұздықтармен өоса төмен қарай ағып, жол бойындағы жолдар мен ғимараттарды қиратты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript