Бразилияның оңтүстігінде су тасқынынан қаза тапқандар саны екі есеге өсті

Бразилия, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 22:54 Сурет: видеодан алынды
Бразилияның оңтүстігіндегі Рио-Гранде-ду-Сул штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны 56-ға дейін өсті, зардап шеккендер - 74 адам, тағы 67-сі хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN Brasil телеарнасының ақпаратына сәйкес, Азаматтық қорғау қызметі 4 мамырдағы соңғы есебінде өлім-жітім саны бойынша муниципалитеттердің жаңартылған тізімін ұсынды.

"Аптаның басынан бастап штатта толассыз жауған жаңбырдан қаза тапқан адамдардың саны 56-ға дейін өсті. Дауыл салдарынан барлығы 281 муниципалитет зардап шекті. Қаза тапқандардан бөлек, штатта 74 адам зардап шекті, ал 67 адам ұшты-күйлі жоқ", - деп басылым ведомствоның есебіндегі соңғы мәліметтермен бөлісті.

2 мамырда Бразилияның Рио-Гранде-ду-Сул штатында 10 адам су тасқыны құрбаны болғаны, тағы 21 адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: