Үндістанда қос пойыздың соқтығысуы салдарынан опат болғандар саны 70-ке жетті
350-ден астам адам зардап шекті, деп жазады Press trust of India жергілікті билікке сілтеме жасап.
Оқиға жұма күні кешке Одиша штатындағы Баласор қаласының маңында болды. Алдын ала ақпарат бойынша, жүк пойызымен соқтығысқан Бангалор - Калькутта бағытындағы жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кеткен. Олардың бір бөлігі паралелль жатқан темір жолдың бойына ұшқан, сол кезде оларға Калькуттадан Ченнайға бағыт алған "Коромандель экспресс" жүрдек пойызы келіп қадалады.
Төтенше жағдай орнында қараңғы түскеніне қарамастан құтқару операциясы әлі де жүргізіліп жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, 350-ден астам адам бүкіл округтегі ауруханаларға жеткізілген, жақын маңдағы барлық жеке және мемлекеттік медициналық мекемелер төтенше жұмыс жағдайы қалпына келтірілген.
Бұған дейін аталған апат салдарынан 30 адам қаза тауып, 179 адам зардап шеккені хабарланған болатын.