Тайваньда қатты жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны артты
Жергілікті билік кеше, 6 сәуірде Тайваньда болған 7,3 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 13-ке, ал зардап шеккендер саны 1 011-ге жеткенін хабарлады.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі кезінде Хуалянь округіндегі Тароко саябағында серуендеп жүрген 21 жастағы келіншек өлі күйінде табылған. Сондай-ақ осы саябақта болған тағы үш адам жоғалғандар қатарына жатқызылды.
3 сәуірде сағат 07:58-де Тайвань маңында қатты жер сілкінісі болды. Содан кейін ол тағы қайталанды: 6,6 балл. Метеорологтар кейінірек Тайваньның шығысында тағы төрт жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі салдарынан Хуалянь қаласындағы ғимараттар қирады. Сондай-ақ Тайбэйдің кейбір аудандарында электр желілері үзілді. Тайбэй метросы бүтіндей жұмысын тоқтатты. Аралдың шығысында алапат лай көшкіні жүрді.