Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты

Жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 00:12 Сурет: AP Photo / Khalil Hamra
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мұндай мәлімдемені министрлер кабинетінің отырысынан кейін жасады.

"Кахраманмараш жер сілкінісінің ауқымы мен жойылуы ерекше табиғи құбылыс болып есептеледі. Мен мерт болған 35 418 азаматтың әрқайсысына шапағат тілеймін. Мен зардап шеккен 105 505 азаматтың сауығып кетуін тілеймін, - деді Түркия президенті.

Еске салайық, Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісі 6 ақпанда таңертең болды. Магнитудасы 7,8 балға дейін жетті.

Түркиядағы жер сілкісінісі кезінде жоғалып кеткен қазақстандық Сәбина Мамадиярова үйінді астынан аман-есен табылды. Оның қолына ота жасалды.

Ал Әділет Қадырбеков пен тағы бір қазақстандық Мирболат Құрмашев өлі табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: