Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты

Түркия, жер сілкінісі, зілзала, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 17:36 Сурет: Anadolu Agency
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты. Бұл ақпаратты 9 ақпанда ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 14 014-ке жетті, 63 794 адам жарақат алды. 6 444 ғимарат қираған", – деді Ердоған.

Түркия президенті қазір жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп қаласында жүр.

Ердоған модульдік қалашықтар салуды тапсырды, кейбір құрылымдар шетелден жеткізіледі. Олар апатты аймақтардағы 10 провинцияға бөлінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: