Иранда қатты жер сілкінісі болды — қаза тапқандар бар
Сурет: wikimedia
Иранның Разави-Хорасан провинциясында 5 балдық жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Tasnim агенттігі Тегеран университетінің Геофизика институтына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қазіргі уақытта екі адамның қаза тапқаны, кем дегенде 50 адамның зардап шеккені белгілі.
Агенттіктің хабарлауынша, провинцияның бірнеше елдімекендерінде кейбір бейбіт тұрғындар әлі де үйінді астында қалуда. Жедел қызметтер оларды құтқаруға жұмылдырылған.
5.0 Earthquake Hits Kashmar in Iran - 30 people were injured#earthquake #quake #sismo #terremoto #temblor
— Meteor News (@FishNewsChannel) June 18, 2024
Long Version:https://t.co/FcC56IratC pic.twitter.com/L59wa9DzaI
Қазіргі уақытта құтқарушылар бір баланы үйінді астынан алып шықты. Ол бірден ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript