Филиппинде қатты жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі, Филиппин, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2026 13:18 Сурет: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
Филиппиннің оңтүстік аралдарында теңіз жағалауында 6,7 баллдық жер сілкінісі болды. Сейсмологиялық агенттік нысандардың бүлінуі мен жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қирандылар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат әлі келіп түскен жоқ, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, жер сілкінісі Бакулиннен шығысқа қарай шамамен 68 шақырымдағы елдің оңтүстігіндегі Хинатуан қаласынада болған. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте тіркелді.

Филиппиндік сейсмологиялық агенттік ықтимал қирандылар мен жер сілкінісінің қайталану мүмкіндігі туралы ескертті. Полиция мен құтқарушыларға әзірге жер сілкінісі салдарынан болған қирандылар немесе зардап шеккендер туралы хабарламалар келіп түспеген.

Сейсмологиялық агенттіктің директоры Тересито Баколькол жер сілкінісінің ошағы 2025 жылдың қазан айында жеті адамның өмірін қиған қатты жер сілкінісі болған жерден 10 шақырымда тіркелгенін айтты.

Айта кетсек, Филиппин жанартау атқылауы мен жер сілкінісі жиі болатын Тынық мұхитындағы отты шарда орналасқан.

Бұған дейін Жапонияда қатты жер сілкінісі болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: