Израиль армиясы Газа секторына соққы берді
Сурет: pixabay
Израиль қорғаныс күштері Израильдің Газа секторына шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Израиль армиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қарашаға қараған түні жауынгерлер Газа секторының орталығындағы жерасты әскери нысанына шабуыл жасаған. Әскердің айтуынша, ол сектордағы Хамас лаңкестік ұйымы үшін зымырандарды әзірлеу және өндіру кешені ретінде пайдаланылады.
Бұған дейін Израиль әскерилері Израильге зымыранмен шабуыл жасау әрекеті туралы хабарлаған.
"Газа секторы аумағынан Израиль аумағына бір ұшырылым анықталды. "Темір күмбез" жүйесі оны ұстап алды", - деп хабарлады министрліктің Telegram-каналында.
Израиль әскері соңғы рет 5 тамызда әскери операция бастады. Екі күннен кейін Израиль мен Палестина Египеттің арашалауымен бітімге келісті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript