Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль әскері Газа секторын қоршауға кірісті

Израиль, ХАМАС, ЦАХАЛ, соғыс, Палестина, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 16:25 Сурет: pixabay
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторымен шектесетін барлық аудандарды ХАМАС ұйымынан азат еткенін және палестиналық содырлар басып алған аумақтарды толық көлемде қоршау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Израиль қорғаныс күштері Газа секторымен шекаралас орналасқан барлық Израиль аудандарын бақылауға толықтай қайтарғанын мәлім етті, деп хабарлады CNN 9 қазанда. ЦАХАЛ ұсынған мәлімет бойынша, қазір Израиль аумағында армия бөлімшелері мен ХАМАС содырлары арасында құрлықта қақтығыстар болып жатқан жоқ.

Times of Israel басылымының жазуынша, ЦАХАЛ-дың бас өкілі, бригада генералы Даниэль Хагари Израильге басып кіріп, бейбіт тұрғындарды өлтіріп, кепілге алған ХАМАС жетекшілерін қатаң жазалауға уәде берді. 

"Бұл науқанды Яхья Синвар  басқарады, сіз оны қазірдің өзінде өлді деп санай беріңіз. ХАМАС-тың әскери және саяси жетекшілері, сондай-ақ олардың барлық мүлкі біз үшін қол жетімді нысана әрі олардың тағдыры шешіліп қойған". Даниэль Хагари

Соғысушы екі тарап та зымыранмен атқыласып жатыр: Иерусалим мен Тель-Авивте әуе шабуылы туралы ескертулер қайта естілді, Палестина билігінің мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған жауап соққыларынан қаза тапқандар саны 493-ке жетті. Палестина билігімен шекаралас Кфар Азада кибуцінде Израиль әскері жалғыз палестиналық лаңкестің көзін жойды. Сондай-ақ ЦАХАЛ Газа секторындағы содырлардың бірнеше базасы жойылғанын хабарлады.

Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант баспасөз мәслихатында Израиль әскерлері Газа секторын қоршауға көшкенін айтты.

"Мен Газа секторын толық қоршауға бұйрық бердім. Электр жарығы да, азық-түлік те, жанар-жағармай да болмайды, барлық жолдар жабылған", – деді ол.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазан күні таңертең шиеленісе түсті. Хамас Израиль аумағына мыңдаған зымыран атқылап, артынша жауынгерлерін жіберген. Израиль бұған жауап ретінде "Темір қылыштар" операциясын бастады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел соғыс жағдайында екенін айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: