Израильде 48 сағаттың ішінде 300 мың резервист мобилизацияланды

Израиль, ХАМАС, ЦАХАЛ, соғыс, резервист, мобилизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 15:33 Сурет: pixabay
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторымен шиеленіскеннен кейін 48 сағат ішінде резервтегі 300 мың қызметшіні жұмылдырды, бұл рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бригада генералы Даниэль Хагаридің айтуынша, ЦАХАЛ бұрын-соңды осыншама көп резервисті мұншалықты жылдам мобилизацияламаған, деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ ол әскери қызметкерлер техника мен құрал-жабдықтың жетіспеушілігінен қиындық көрмейтінін айтты. Оның айтуынша, барлығы толық көлемде жеткізіліп жатыр.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазан күні таңертең шиеленісе түсті. Хамас Израиль аумағына мыңдаған зымыран атқылап, артынша жауынгерлерін жіберген. Израиль бұған жауап ретінде "Темір қылыштар" операциясын бастады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел соғыс жағдайында екенін  айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: