Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль әскері Газадағы ең үлкен аурухананы қоршауға алды

Израиль әскері Газадағы ең үлкен аурухананы қоршауға алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 20:20 Сурет: wikimedia
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) ХАМАС-қа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен аурухана әл-Шифа ауруханасын қоршауға алды. Израиль әскерилерінің мәліметінше, содырлар ғимарат ішінде жасырынып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian 13 қарашада Израиль әскерилері Газа секторындағы ең үлкен аурухана - әл-Шифа ауруханасының "қақпасының алдында" тұр деп жазды. Мұнда Израилдің палестиналық ХАМАС қозғалысы содырларына қарсы жерүсті операциясы жалғасып жатыр. Израиль әскерилері ХАМАС-тың астыртын штабы аурухана астында орналасқанын айтады. Палестина тарапы ауруханада жүздеген науқас қалғанын алға тартады.

Бұған дейін әл-Шифа ауруханасынан ЦАХАЛ ашқан гуманитарлық дәліз бойымен медицина көмегін немесе баспана іздеп келген мыңдаған палестиналық шықты. Бірақ Газадағы Хамастың бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханада электр қуатының үзілгенінен тасымалданбайтын науқастар мен жаңа туған нәрестелер қалды. Палестина тарапының мәліметінше, кейінгі үш күнде әл-Шифада 32 адам қаза тапқан.

Қазір Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шамалап бағалауы бойынша, әл-Шифада 600-650 бейбіт тұрғын, 200-ден 500-ге дейін медицина қызметкері және 1,5 мыңға дейін босқын бар.

"Науқастардың өлімі санының айтарлықтай өскені қайғылы жағдай. Қауіпсіз болуы керек ауруханалар өлім, күйреу және үмітсіздік ошағына айналғанда әлем үнсіз отыра алмайды", - деді ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: