Израиль әскерилері Газа секторындағы бас ауруханаға гуманитарлық көмекті жеткізді

Израиль, ХАМАС, ЦАХАЛ, гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 17:10 Сурет: pexels
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) израильдік әскерилер Газа секторындағы ең үлкен госпиталь - әл-Шифа ауруханасына гуманитарлық көмек жеткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Times of Israel газетінің 15 қарашада жазуынша, ЦАХАЛ израильдік әскерилердің әл-Шифа ауруханасына гуманитарлық көмек қораптарын жеткізіп жатқаны бейнеленген видеоны жариялады.

"ЦАХАЛ бөлімшелері әл-Шифа ауруханасының бөлек бөлігінде ХАМАС-қа қарсы нақты және мақсатты операцияны жалғастыруда, олар ХАМАС лаңкестік инфрақұрылымы мен қару-жарағын іздеп жатыр. Бөлімшелер аурухананың кіреберісіне гуманитарлық көмек жеткізді", – делінген Израиль армиясының ресми мәлімдемесінде айтылған.

Бұған дейін ЦАХАЛ ресми түрде бірнеше күн бұрын қоршауға алынған әл-Шифа ауруханасының аумағында операция жүргізілетінін хабарлады. Израиль әскерилері ХАМАС содырлары аурухананың бір бөлігін жер асты нысандарын жабу үшін пайдаланып жатқанына сенімді. Пентагон да ХАМАС Газа секторындағы ауруханаларды, оның ішінде әл-Шифа ауруханасын әскери мақсатта пайдаланып жатыр деп есептейді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: