Израиль әскері Газа секторындағы ХАМАС-тың қамалын басып алды
Times of Israel басылымының 6 қараша күні жазуынша, Израиль армиясының құрлық күштері өткен түнде Газа секторындағы ХАМАС содырлары бекінген позицияларын басып алды. Армия хабарламасында бұл нүкте "цитадель" деп аталған. Бұған қоса Израиль әскерилері ХАМАС бақылау бекеттері, оқу-жаттығу лагерлері мен жерасты туннельдері орналасқан 450 нүктеге 24 сағат ішінде соққы берді.
ЦАХАЛ-дың мәліметінше, жердегі операция мен атқылау кезінде қозғалыстың бірнеше командирі қаза тапқан. Жойылған содырлардың арасында ХАМАС арнайы операциялық күштерінің қолбасшысы Джамал Мұса да бар.
Палестиналық ХАМАС содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекендерді басып алып, 1,4 мың адамды өлтіріп, тағы көптеген адамды кепілге алды. Израиль қорғаныс күштері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы беріп, оны қоршауға алды. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан қақтығыстың бұл жолғы шиеленісі қанды қырғынға айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдады.