АҚШ астанасы Вашингтонда биылғы қыс ерекше болып тұр. Қалың қар басып, жұртты әуреге салды. Әсіресе, көк тайғақ жолда көлікпен жүру қиындаған соң тұрғындардың көбі темір тұлпарларын қаңтаруға мәжбүр болды, деп жазады qazaqstan.tv.
Басты себеп бұл елде халық жыл мезгіліне сай көлік дөңгелегін ауыстырмайды. Қысы-жазғы бір шинамен жүреді. Содан болар кішігірім қар түссе де, шамалы көк тайғақ болса да жол апат күрт көбейеді. Жалпы халық сақтық танытып, көлігін тізгіндеуді азайтқанымен тәуекелге бел байлап жолға шығатындар да жоқ емес. Салдарынан кейбірінің тас жолда көліктері тайып, апақта ұшырап жатады.
Ауа райының қолайсыздығынан қаза тапқан тоқсаннан аса адамның көбі Теннесси мен Орегон штатының тұрғындары. Бұл өңірлерде үскірік аяз тұрып, бірнеше күн боран соққан. Портленд қаласында тұраққа тоқтаған көлікке электр сымы құлап, үш адам қаза тапты. Бір сәби жарақат алған.
Бұрқасыннан Баффало мен Нью Иорк қалаларының да берекесі қашты. Ірі мегаролис тіпті, мектептерде сабақты бірнеше күнге тоқтатып, кейбір білім ғимараттарына мигранттарды уақытша орналастыруға мәжбүр болған. Жалпы, батыс аймақта төрт күн толассыз жауған қардың қалыңдығы кейбір жерлерде бір метрден асқан. Халық ақ ұлпаға көмілген көліктерін аршып әлек.
Қалың қар әуежайларды да басып қалып, мыңдаған жолаушы діттеген жеріне дер кезінде жете алмады. Жалпы, арктикалық ауа массасы оңтүстікке және шығысқа қарай жылжығандықтан 150 млн-ға жуық тұрғын қатты жел мен боранның салдарын сезген.