Ұлыбританияда қызылша өршіп тұр

Сурет: pixabay
Ұлыбританияда қызылша өршіп тұр. Жұқпалы аурумен ауырғандар былтырмен салыстырғанда екі есе артқан.

Сарапшылардың пікірінше, инфекцияны ауыздықтау қиынға түсуі мүмкін.

Себебі елде қызылшаға қарсы вакцина салдырмағандар көп, деп жазады qazaqstan.tv.

Лондонда 5 жасқа дейінгі балалардың 75 пайызы ғана екі вакцина алған, ал тұтас ел бойынша бұл көрсеткіш 85 пайыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының пікірінше, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және аурудың өршуіне жол бермеу үшін вакцинация деңгейі 95 пайызға жетуі керек.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек