Ресейдің Орынбор облысында дамба жарылып, адамдар эвакуацияланып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласында 5 сәуірде Жайық (Урал) өзенінде бөгеттің бұзылу қаупі туындап, соған байланысты бірқатар аудан тұрғындары уақытша орналастыру бекеттеріне эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"РБК" басылымы қала әкімшілігіне сілтеме жасай отырып, Гагарин алаңы, Строитель, Докучаев көшелерінің, сондай-ақ Ескі қаланың тұрғындарына эвакуация жасауға үндеу тасталғанын хабарлайды.

"Орск маңындағы бірнеше елдімекендерді (Первомайский) немесе (Никельщиков, Строитель ауылдары) су басуына немесе су басу қаупіне байланысты тұрғын үйлерді газбен жылыту жүйесі уақытша істен шығарылды. Сондай-ақ, № 1 Жұмысшылар ауылы (Гагарин — Зеленхоз айналма жолы) және № 2 Жұмысшылар ауылындағы (темір жолдың артындағы № 6 мектеп аялдамасы) үйлерге де газ беру тоқтатылды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, су бөгетінің екі жерінен жарық табылды, біреуін жамап үлгерді, қалада дабыл белгісі ойнап тұр. 

Соңғы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Орск қаласының Урал өзеніндегі дамба жарылған.

ТАСС-тың мәліметінше, су тасқыны шамамен 4 мың жеке үйді шаю қаупі бар.


Айта кетсек, 5 сәуірде Атырау облысындағы Құлсары қаласында да дабыл белгісі іске қосылды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді