Құлсарыны су басты. Мыңдаған адам эвакуацияланып жатыр

Эвакуациялау жұмысы, Атырау облысы, Құлсары қаласы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 20:14 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 4 сәуірінен бастап Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласы су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 сәуірде Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты "Ембі-Ақкиізтоғай" гидропосты су астында қалды, қазір оған жақындау мүмкін емес. Гидропостты су алу кезінде су деңгейі 350 см - ең жоғары шекке жете бастаған, яғни 340 см құрады, ал сағат 09:30-дан бастап Құлсары қаласын да су ала бастады.

"5 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша су тасқыны салдарынан 500-ге жуық нысан мен инфрақұрылымдық ғимараттар су астында қалды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар, орталық стадион, Құлсары әкімдігі және сауда нүктелерін су басты", – деп хабарлады Атырау облысының әкімдігі.

Бұл ауданда 4 сәуірден бастап эвакуациялық жұмыстарды жүргізу қажеттілігі хабарланып, дабыл жүйелері  іске қосылды. Осылайша жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.

Аудан халқының жалпы саны - 86 939 адам, оның ішінде 7 400 қарт, 2465 мүгедек адам, 37 069 бала, 1004 жүкті әйел бар. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 2400-ден астам адам оқиға орнынан эвакуацияланды. Эвакуация жұмыстары жалғасуда.


Жылыой ауданындағы Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Құрсай каналы арнасынан асып кетті. Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр:

  • жергілікті атқарушы органнан 110 бірлік техника, 162 адам;
  • ТЖД-дан 1 бірлік техника, жеке құрамның 21 адамы;
  • ІІМ-нен 31 бірлік техника, жеке құрамнан 90 адам;
  • 41433 әскери бөлімінен (ҚР ҚМ) - 50 адам;
  • еріктілерден 4540 адам жұмылдырылған.

Қазір ауданда жағалауды нығайту жұмыстары жүріп жатыр, 45 452 дана қапшық дайындалып, 174 000 тонна инертті материал төселді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: