Өзбекстанда электр қуаты мен газ қымбаттайды

Сурет: Zakon.kz
Өзбекстанда мамыр айынан бастап электр қуаты мен табиғи газ қымбаттайды. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.

Тарифтер ең соңғы рет 2019 жылы көтерілген еді. Тұтынушылар 1 кВт/сағат электр энергиясы үшін 295 сум төлеп келсе, енді ол 450 сумға өспек.

Бұл айына 200 кВт/сағат жаққандар үшін. Ал 1000 кВт/сағатқа дейін пайдаланған тұрғындар – 900 сум төлейді. Көгілдір отынның бағасы бір текше метр үшін 380 сумнан 650 сумға дейін көтеріледі. Бұл баға 500 текше метрге дейін газ тұтынғандар үшін.

Сонымен қатар алғаш рет энергия тұтынудың әлеуметтік стандарттары енгізіледі. Тарифтердің көтерілуіне байланысты аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету қарастырылған. Ал сұйытылған газдың бағасы өзгермейді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Автокөліктерге газ құю стансаларында сұйық отын бағасы көтерілмейді. Бір текше метр газдың құны арнайы құжатқа сай нақты белгіленген. Ол 1-ші маусымға дейін 3350 сумнан аспауы тиіс. Егер газды қымбатқа сатып жатқан нысандар болса, тұрғындардың тиісті органдарға хабарлауына болады." Хасан Тошхуджаев, энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты