Швейцарияда суық қарумен қаруланған қаскөй алты адамды жарақаттады

Сурет: pixabay
15 мамырда пышақпен қаруланған адам Швейцарияның Ааргау кантонындағы Зофинген қаласында өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы ақпарат бойынша, Ааргау полициясы алты адам зардап шекті деп мәлімдеді.

"Белгісіз ер адам бірнеше тұрғынды суық қарумен жарақаттады. Қазір ол қамауда. Өңірде ірі полиция операциясы жүргізілуде. Қауіпсіздік үшін терезелер мен есіктерді бекітіңіздер", – делінген X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Швейцариялық Le Temps газеті қалада полиция арнайы күштері жұмылдырылғанын, зардап шеккендерді тасымалдауға жедел жәрдем көліктері мен медициналық тікұшақ дайындалғанын атап өтті.

Бұған дейін, 2024 жылдың 15 мамырында қарулы белгісіз ер адам Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны атып кетті. Осыған байланысты,Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады