Словакия Премьер-министріне қастандық жасалды

Словакия Премьер-министрі, қастандық жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 22:15 Сурет: Facebook/robertficosk
2024 жылдың 15 мамырында қарулы белгісіз ер адам Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны атып кетті. Саясаткер ауыр жағдайда тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы standard.sk жаңалықтар порталы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Премьер-министрдің Facebook-тегі парақшасында Фицоның жағдайы ауыр екендігі айтылған. Бұл ақпаратты Словакия Үкіметінің аппараты да растады.

Премьер-министр тікұшақпен Банска-Бистрицтегі ауруханаға жеткізілді, саясаткерге ота жасалатыны белгілі. 

Фицо қарын тұсынан екі рет, сондай-ақ иығынан бір рет оқ жарақаттарын алған. Қарынды тесіп өткен бір оқ жамбас сүйегіне қадалған. Словакия БАҚ-тары қастандық жасаған ер адам Левице қаласында (Словакияның оңтүстігі) тұратын 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула екенін, оның қолындағы атыс қаруы заңдастырылғанын жазып жатыр. 



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: