Жапонияның бұрынғы премьер-министріне оқ атылды

Жапония, оқ, тапанша, шабуыл, саясаткер, премьер-министр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2022 09:47 Сурет: kremlin.ru
Нарада баяндама жасап тұрған Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атты. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК желілік басылымының жазуынша, NHK телеарнасының тілшісі оқ атылған дыбысқа ұқсас дыбысты естіген, содан кейін саясаткер есінен танып қалған.

Синдзо Абэ 2006-2007 және 2012-2020 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарды. Сол кезеңде ол Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясының төрағасы болды.

Шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Оның саясаткерге неліктен атпақ болғаны әлі белгісіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: