Президент Ресей Премьер-министрін қабылдады

кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2022 13:17 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Ресей Премьер-министрі Украинадағы жағдайдың ушығуына және Ресейге халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты екі мемлекет арасындағы тауар айналымының төмендеуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды қарастырды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: