Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда 30%-ға артты
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Үкімет басшылары коронавирустың таралуына қарсы күрес және пандемияның екі елдің экономикалары үшін салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударды.
2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда 30%-ға артып, 2019 жылға дейінгі пандемиямен салыстырғанда 21,8 млрд долларға жетті, ал сауда көлемі 21%-ға өсті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript