Трамптың жақтастары Байденнің сайлауалды штабына жиналған қаражатын Камала Харриске аударуына түбегейлі қарсы

Сурет: Instagram/realdonaldtrump
"Вице-президент Камала Харрис американдық көшбасшы Джо Байденнің сайлауалды штабына аударылған қаражатты басқаруға құқылы емес" - Дональд Трамптың штаб-пәтері осылай мәлімдеп федералды сайлау комиссиясына шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN атап өткендей, Камала Харрис Джо Байден қорына жиналған 91,5 миллион долларды заңсыз алуға тырысуда. Трамп штабы өкілдерінің пікірінше, "бұл ақшаны иемдену... 1971 жылғы федералдық сайлау науқандары туралы заңға қайшы", - деп хабарлайды телеарна шағым мәтіні.

Байден бұған дейін АҚШ президентін сайлаудан өз кандидатурасын алып тастайтынын жариялаған болатын. Ол өз мәлімдемесінде мерзім аяқталғанға дейін президент болып қалатынын, бірақ қайта сайлауға түспейтіндігін айтты. Сондай-ақ, Байден Камала Харристің демократиялық сайлауға кандидатурасын ұсынды.

Байденнің шешімінен кейін Камала Харрис өзінің алғашқы мәлімдемесін жасады. Ол өз кандидатурасын ұсынатындығын және сайлауға 107 күн қалғандығын айтты.

Сондай-ақ, оның сайлау науқанына бірнеше сағат ішінде 46,7 миллион доллардан астам қаражат жиналғаны да хабарланды.

Ал, АҚШ-тың экс-президенті Трамп, Джо Байденнің шешіміне өз көзқарасын жасырмастан білдірді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі