Камала Харрис Байденнің шешімінен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады
Сурет: Instagram/kamalaharris
АҚШ Вице-президенті Камала Харрис 21 шілдеде қараша айында өтетін сайлауда демократиялық партия атынан үміткер болуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN-нің жазуынша, Харрис президенттікке үміткер ретінде өзінің кандидатурасын ұсынатынын атап өтті.
"Президенттің қолдауына ие болу мен үшін үлкен мәртебе және мен осы номинацияға лайық болып, оны жеңіп алғым келеді. Сайлауға 107 күн қалды. Біз бірге күресеміз. Біз бірге жеңеміз", - делінген оның мәлімдемесінде.
Байден бұған дейін АҚШ президентін сайлаудан өз кандидатурасын алып тастайтынын жариялаған болатын. Ол өз мәлімдемесінде мерзім аяқталғанға дейін президент болып қалатынын, бірақ қайта сайлауға түспейтіндігін айтты. Сондай-ақ, Байден Камала Харристің демократиялық сайлауға кандидатурасын қолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript