Танымал жүргізуші Опра Уинфри Камала Харриспен сұхбат құрды

19 қыркүйекте АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харрис әйгілі тележүргізуші Опра Уинфриге сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар "Америка үшін бірігейік" іс-шарасында кездесті. Бірінші кезекте Уинфри президент Джо Байден шілде айының соңында сайлауға түспейтіндігін хабарлағаннан кейінгі, Харристің батыл қадамдарын атап өтті. Алайда жүргізуші оны ашық түрде мақтаған жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, іс-шара соңында бағдарламаны Youtube аудиториясында 100 мыңға жуық адам тамашалаған. Сондай-ақ, Уинфри мен Харристің Instagram, Facebook, TikTok және Twitch-тегі парақшалары да кездесуден ақпараттар бөлісті.
Бұған дейін Флоридадағы гольф клубында Трампқа қастандық жасады деген күдікті қамауға алынғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript