Жаңалықтар тізбегі
0

Трамп пен Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижелері белгілі болды

Трамп пен Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижелері белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 10:02 Сурет: pixabay
АҚШ президенттігіне кандидаттар Дональд Трамп пен Камала Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The hill жаңа сауалнамасына сәйкес, Харрис қазіргі уақытта Трамптан 3,6 пайыздық тармаққа озып тұр. Пікірталасқа дейін бұл көрсеткіш 3,2 болды.

Трамп пен Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижелері белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 10:02

Сурет: elections2024.thehill

Еске салайық, 11 қыркүйекте Трамп пен Харрис пікірталас өткізген болатын. Ол жерде бірнеше өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ел ішіндегі экономика, көші-қон салаларынан тыс, әлемдік деңгейде шешімін таппай тұрған Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Израильдің Хамаспен қақтығысы сөз етілді. Жалпы алғанда, пікірталаста Трамп 42 минут 52 секунд, Харрис болса 37 минут 36 секунд сөз сөйлепті.

Бұған дейін 22 қыркүйекте өткен Шри-Ланка Президентінің сайлауында "Ұлттық халық билігі" оппозициялық альянсының жетекшісі Анур Кумара Диссанаякенің жеңіске жеткені белгілі болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: