Трамп пен Путин не туралы сөйлесті
Сурет: kremlin.ru
АҚШ пен Ресей Федерациясы президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин 19 мамырда телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қос елдің көшбасшылары сөз барысында мыналарды қамтыды:
- Әңгіме 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Ресей президенті арада болған әңгімені мазмұнға бай, ашық әрі өте пайдалы деп атады.
- Ресей президенті Трампқа Мәскеу мен Киевтің тікелей келіссөздерін жаңғыртуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. АҚШ президенті атысты доғаруға қатысты өз ұстанымын білдірді.
- Ресей Украинамен бірлесе меморандуммен жұмыс істеуге дайын, оның ішінде атысты доғару жайын да, - деді Путин.
- Сондай-ақ, ол: "Ресей мен Украина барлық тарапты қанағаттандыратындай мәмілеге келу керек", - деді. Путин Украинамен арадағы келіссөздердің қайта жаңғыруы турасында: "Біз жалпы дұрыс жолдамыз".
Бұған дейін Дональд Трамп Ресей мен Украина президенттерімен телефон арқылы сөйлескелі отырғанын айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript