Иран Ислам Республикасының Президенті ресми түрде бекітілді

Сурет: Telegram/Агентство IRNA
28 шілдеде Тегеранда Иран Ислам Республикасының 14-ші президенті Масуд Пезешкиан ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары дәрежелі әскери, саясаткерлер мен шетелдік дипломаттардың қатысуымен Иранның жоғарғы көшбасшысы, 85 жастағы аятолла Али Хаменеи елдің жаңа президенті ретінде Масуд Пезешкианды ресми түрде мақұлдады. Осылайша, Пезешкианның өкілеттілігі салтанатты түрде басталды. Бұл туралы Khamenei News агенттігі х әлеуметтік желісінде хабарлады.

Сондай-ақ, 28 шілдеде Пезешкиан өзінің Жарлығымен Мұхаммед Реза Арефті бірінші вице-президент етіп тағайындады.

Бұған дейін президенттік сайлаудың екінші кезеңіне барлығы 30 миллион 510 мың 157 адам дауыс бергені хабарланды. Оның ішінде Масуд Пезешкиан 16 миллион 384 мың 403 дауыс жинаса, Саид Джалили 13 миллион 538 мың 179 дауысқа ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз