Жаңалықтар тізбегі
0

Ирандағы президенттік сайлауда Масуд Пезешкиан жеңіске жетті

Иран, президенттік сайлау, Масуд Пезешкиан, реформатор, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2024 09:20 Сурет: pixabay
Реформатор Масуд Пезешкиан Ирандағы президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, сайлауда барлығы 30 миллион 510 мың 157 адам дауыс берген. Оның ішінде Масуд Пезешкиан 16 миллион 384 мың 403 дауыс жинаса, Саид Джалили 13 миллион 538 мың 179 дауысқа ие болды.

ТАСС-тың хабарлауынша, халықтың сайлауға қатысу деңгейі 49,8% құрады.

Бұған дейін хабарланғандай, Пезешкиан, алдын-ала санақ бойынша, Ирандағы сайлауда көш бастап келген. Пезешкиан Иран Ислам Республикасы тарихындағы тоғызыншы президент болады. Ирандағы Президент - Жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеиден кейінгі елдегі екінші маңызды саяси тұлға. Мемлекет басшысының міндеттеріне Конституцияның ережелерін іске асыру және атқарушы билікке басшылық ету кіреді.

Масуд Пезешкиан, қазір 69 жаста, реформатор саясаткер және соңғы V шақырылымдағы Иран парламентінің мүшесі. Мамандығы - дәрігер, ол Мохаммад Хатамидің екінші президенттік кезеңінде Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрі қызметін атқарды (2001-2005). Сондай-ақ бұған дейін екі рет президенттік таққа таласқан, бірақ тек осы сайлауда бірінші рет жеңіске жетті: 12 жыл бұрын ол сайлау кезінде өз бетінше қарсыласына жол берген, ал 2021 жылғы сайлауда оның кандидатурасын Иранның Бақылау кеңесі (сайлауды қадағалайтын Парламенттің жоғарғы палатасы) мақұлдамады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: