"Ковид жұқтырып алдым". Молдова президенті желіде видео жариялады

Сурет: Facebook/Maia Sandu
Молдова президенті Майя Санду өзінің ауырып қалғанын айтып, желіде видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент өз үндеуінің видеосын Facebook-тегі парақшасында жариялады. Жазбада ол өзіне коронавирус диагнозы қойылғанын айтады. Осыған байланысты ол Молдова Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатыса алмайтынын да жеткізеді. 

"Өкінішке қарай, мен COVID-19-ды жұқтырып алдым. Сондықтан бүгінгі және ертеңгі қоғамдық шараларға қатыса алмаймын. Өзім жақсы секілдімін, әдеттегіден сәл шаршаңқы күйден басқа белгілер жоқ. Бірақ басқа адамдарға қауіп төндірмес үшін бірнеше күн оқшаулануды жөн көрдім", – деді Майя Санду.

Ол азаматтардан сақ болуды өтінеді, өйткені коронавирус түбірімен жойыла қоймаған. 


2024 жылы 15 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Париж Олимпиадасының жеңімпазы және жүлдегерлерімен жоспарланған кездесуі спортшыларда анықталған коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылғаны белгілі болды. Туризм және спорт министрлігі аталған инфекция үш спортшы мен екі жаттықтырушыдан табылғанын нақтылады. 16 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қайта бетперде тағу режимі қалпына келтірілгенін мәлімдеді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін