Молдовада президенттік сайлаудың екінші туры басталды

Сурет: pexels
Молдовада президенттік сайлаудың екінші туры басталды. 2 қараша, жексенбіде елдегі дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы ашылды. Республика тұрғындары келесі төрт жылға мемлекет басшысын сайлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел аумағында таңертең 2,2 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істей бастады, тағы 231-і шетелде ашылды. Молдованың орталық сайлау комиссиясы 878 халықаралық және 1546 ұлттық бақылаушыларды аккредиттегенін мәлімдеді, деп хабарлайды "РИА Новости".

Президент сайлауының екінші кезеңіне қазіргі президент Майя Санду және оппозициялық Социалистік партия үміткері Александр Стояногло қатысуда. Сайлаудың бірінші турында Санду 42,45% дауыс жинады, Стояноглоның еншісінде - 25,98%. Екінші турда көпшілік дауысқа ие болған кандидат жеңіске жетеді.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 21:00-де жабылады.

Айта кетсек, дауыс берудің бірінші кезеңінде республика президенті лауазымына 11 саясаткер үміткер болған.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел