Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Президент ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 16:34 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 20 қарашада жариялаған мәліметке сәйкес, еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін мына азаматтар марапатталды:

"Парасат" орденімен

  • Асанов Бейбіт Батниязұлы – "Жеңіс" ШҚ басшысы, Батыс Қазақстан облысы
  • Нұртазаев Бақыт – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысы;

II дәрежелі "Достық" орденімен

  • Рудаков Александр Сергеевич – "ЭКО-культура" агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті, Ресей Федерациясы;

"Құрмет" орденімен

  • Балжігітов Сейітжан Қапанұлы – "Достан Ата" ШҚ басшысы, Атырау облысы
  • Ищанов Қуаныш Аманғалиұлы – "Айс-плюс" ЖШС директоры, Ақтөбе облысы
  • Мақатов Қайырбай Қонқаұлы – "Бижан" ШҚ басшысы, Қостанай облысы
  • Хуршудов Ислам Махмудович – "Агро Балтабай" ЖШС малшысы, Алматы облысы;

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен

  • Ахметжанов Рүстем Қажықанұлы – "Қапшағай МТС Сервис" ЖШС малшысы, Алматы облысы
  • Әменов Мәкіш Керімбайұлы – жылқышы, Ұлытау облысы
  • Клишин Виктор Александрович – "Жер өнімдері" ЖШС тракторшы-механизаторы, Ақмола облысы
  • Темірбаев Қуандық Сейіткенұлы – "Меңдеш" ШҚ механизаторы, Павлодар облысы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Әбдірайымов Дәурен Шыңғысұлы – "Дәурен" ШҚ зоотехнигі, Абай облысы
  • Әбсәттар Өтепберген Әкімұлы – "Өтепберген" ШҚ түйе өсірушісі, Түркістан облысы
  • Қапарова Әлия Айбасқызы – "Burabay Milk" ЖШС бұзау күтішусі, Ақмола облысы
  • Сейдахметов Бауыржан Қабиұлы – "Шалқар" ШҚ аға бақташысы, Маңғыстау облысы;

"Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы

  • Айтөленов Дастан – "Меркі ірімшік зауыты" ЖШС директоры, Жамбыл облысы
  • Звольский Сергей Адамович – "Астық-STEM" ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы – "Қайнар" ЖШС директоры, Қарағанды облысы
  • Тезекбаев Жұмаш Жұмабекұлы – "Егемендік" ШҚ басшысы, Жетісу облысы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: