Қызыл теңізге батқан туристер толы кемеде қай елдердің азаматтары болғаны белгілі болды

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Мысырдың Марса-эль-Алам қаласы маңында Қызыл теңізге батып кеткен туристік яхта бортында 13 елдің азаматтары болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА агентігінің хабарлауынша, Қызыл теңізге батқан Sea Story кемесіндегі 28 адам құтқарылған, ал 17-сі хабар-ошарсыз кеткен.

Қызыл теңіз провинция губернаторы генерал-майор Амир Ханафи тірі қалғандар қаланың оңтүстігінде, Вади-Эль-Гемал аймағында табылғанын жеткізді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

"Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, туристік кеме бортында 13 елдің азаматтары болған, атап айтқанда, Мысыр, Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия және Финляндия азаматтары" деп жазады РИА Новости.  
Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды