Макрон саммиттен кейін Трамппен және Зеленскиймен сөйлесті

Сурет: Instagram/elysee
Франция президенті Эммануэль Макрон Париждегі Украина бойынша еуропалық көшбасшылар саммитінен кейін украин және американдық көшбасшылармен сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Х парақшасында кейбір мәліметтермен бөлісті.

"Біз Украинадағы берік және ұзақ мерзімді бейбітшілікке ұмтыламыз. Ол үшін Ресей өз әрекеттерін тоқтатуы керек және бұл украиндар үшін күшті және сенімді қауіпсіздік кепілдіктерімен бірге жүруі керек. Әйтпесе, бұл атысты тоқтату Минск келісімдері сияқты аяқталады деген қауіп бар". Эммануэль Макрон

Оның айтуынша, еуропалықтар өздерінің қауіпсіздігі мен қорғанысына көбірек инвестиция салуы керек.

Бұған дейін Владимир Зеленский өзінің Telegram арнасында Макронмен сөйлескені туралы айтқан болатын.

"Біз жаһандық жағдай, Еуропадағы жағдай және Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері туралы сөйлестік. Бізде ортақ көзқарас бар: қауіпсіздіктің сенімді, күшті кепілдіктері болуы керек", – деп жазды Зеленский.

Еске салсақ, Франция президенті Эммануэль Макрон 17 ақпанда Парижде еуропалық көшбасшылардың кездесуін өткізді. Онда Украинадағы жағдай жайлы талқыланды. Ал, Зеленский Сауд Арабиясындағы ресми іс-сапарын аяқтап, 18 ақпанға қараған түні Түркияға жұмыс сапарымен келді.

Ресей
АҚШ
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді