Ұлыбритания королі ауызашарға құрмалар дайындады, мереке кезінде олар ауруханаларға таратылады

Сурет: Instagram/theroyalfamily
Букингем сарайының баспасөз қызметі Чарльз III патшайым Камилламен бірге Лондондағы Карнаби көшесіне қойылатын қайырымдылық қораптарын дайындауға көмектесіп жатқаны жайлы әсерлі бейнемен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлі-зайыптылар қасиетті Рамазан айының басталуына арналған іс-шараға қатысты. Патша жетекші британдық мұсылмандармен кездесті. Артынша, жұбайымен бірге қайырымдылық қорапшаларын дайындауға көмектесті.

Ол жерде патша мен патшайым құрмаларды қағаз пакеттерге салып, ауызашар үшін қалалық ауруханаларға жібереді.

Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні 1 наурызға бекітілді. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

20 қазан: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады