Қытайда әлемдегі ең ірі амфибиялық ұшақ пайдалануға берілді

Сурет: VCG
Қытайдың Азаматтық авиация басқармасы (CAAC) әлемдегі ең үлкен азаматтық гидроұшақ – AG600M "Кунлунды" сертификаттап, оны ресми түрде пайдалануға енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңа ұшақ моделін Қытайдың AVIC корпорациясы жасаған. Екі жылдық сынақ кезеңінде бірнеше AG600M ұшағы 2000-нан астам ұшуды орындап, 10 мыңнан астам параметр сыналды. Жалпы ұшу уақыты – 3560 сағат, бұл Қытай авиациясы үшін рекордтық көрсеткіш.

Сурет: VCG

Ұшақты жасау – ауқымды ұлттық жоба болды, оған 292 кәсіпорын мен 16 университет қатысты.

AG600M – қазіргі заманғы әлемдегі ең үлкен гидроұшақ. Ол 12 тоннаға дейін суды 4500 шақырым қашықтыққа дейін тасымалдай алады.

Бұған дейін Өзбекстанда шетелдіктер үшін "алтын виза" енгізілгендігі хабарланған болатын.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін