Өзбекстанда шетелдіктер үшін "алтын виза" енгізіледі
Фото: freepik
Өзбекстан кейбір шетелдіктерге "алтын виза" беруді жоспарлап отыр. 1 маусымнан бастап бұл мемлекетте тұруға рұқсат алудың оңайлатылған тәртібі енгізіледі.
Ел президенті тиісті жарлыққа қол қойды. Әділет министрлігінің хабарлауынша, бес жыл мерзімге берілетін құжаттың құны 200 мың доллар.
Бұл соманы өтініш беруші азамат төлейді, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал отбасының өзге мүшелерінің әрқайсысы ел қазынасына 100 мың доллар аударуы тиіс.
Қаражат төленген соң Өзбекстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат беретін құжат тез арада қолға тиеді.
Айта кету керек, соңғы жылдары пайда табу мақсатында Өзбекстанға ағылатын шетелдіктер қатары артып келеді.
"Алтын виза" тәжірибесі әлемнің бірқатар елінде танымал. Ауқатты мигранттарды тартуға бағытталған жобадан көршілес ел де шет қалмауды ұйғарыпты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript